Сүйінші! Денис Кузин конькимен жүгіруден әлем чемпионы атанды
Кузин 1000 метрлік қашықтықты бағындыруға айдынға тоғызыншы жұп ретінде шыққан болатын. Нәтижесінде ол осы аралықты 1 минут 9,14 секундта басып өтіп, бірінші орыннан көрінді. Күміс алқа оңтүстік кореялық Тай Бум Моға бұйырса, әлем рекордының иесі американдық Шани Дэвис тек қоланы қанағат тұтты.
Айта кетейік, Денис Кузин конькимен жүгіруден Қазақстан атынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы болып тарихқа еніп отыр. Осыған дейін, тек 1996 жылғы әлем біріншілігінде Людмила Прокашева 3000 метр қашықтықта қола медаль олжалаған болатын.
Конькимен жүгіру. Жекелей қашықтықтағы әлем біріншілігі. Ерлер, 1000м. Сочи қаласы (Ресей):
1. Денис Кузин (Қазақстан) - 1.09,14;
2. Тай Бум Мо (Оңтүстік Корея) - 1.09,24 (+0.10);
3. Шани Дэвис (АҚШ) - 1.09,30 (+0.16).
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: prosportkz.kz