Суарес тістеген ойыншы үйленді

О Сансызбай Корреспондент

Кьеллинидің таңдаған жары - Каролина Бонисталли. Той кеше өткен көрінеді.

Бразилияда өткен Әлем Чемпионатында Италия құрамасы топтан шыға алмаған болатын. Бірақ бұл тұста мундиальда орын алған бір жайтқа байланысты Джорджо Кьеллинидің есімі әлі күнге айтылып келуде.

Естеріңізде болса, туриндік клубтың қорғаушысын Луис Суарес тістеп алған болатын. Өз кезегінде, аталған уругвайлық ойыншы төрт айға футболдан шеттетілген еді. 

Сонымен қатар, Суареске төрт ай жаза уақытында футбол стадиондарына бас сұғуға тыйым салынған-ды.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: rian.com.ua

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама