Суарес: "Реалға ауысу ойымда жоқ"

О Сансызбай Корреспондент

Қаңтар айында Суарес «корольдік клубқа» ауысады деген сыбыс тараған болатын. Бұл туралы «Реалдың» бұрынғы президенті Рамон Кальдерон да мәлімдеген-ді. Алайда кеше отандық радиостанциясына берген сұхбатында футболшы бұл сыбыстың жалған екенін жариялады.

- Ағылшын премьер-лигасы өте қызықты, және тартысты. Стадиондағы жанкүйерлерімнің қолдауы мені қанаттандырады. Келер маусымда да «Ливерпуль» сапында өнер көрсететініме шүбә келтірмеймін. Ал «Реалға» ауысу мүлде ойымда жоқ – деді шабуылшы.

Сонымен қатар, Луис Суарес «Алтын доптан» үміткер 23 футболшының тізіміне енген. Алайда бұл туралы футболшының өзі:

- Мені ФИФА-ның осындай тізімге қосқанына ризамын. Ал шын мәнінде таңдауды маған ұсынса, Месси, Криштиану Роналду және Рибериді таңдар едім – деді Суарес.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін 10 кездесуден қуылған уругвайлық шабуылшы бұл маусымда ағылшын премьер-лигасында 5 кездесу өткізіп, 6 гол соғып үлгерді. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: gigafootball.net

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама