«Стяуа» клубының құрамы «Ақтөбеден» үш есе қымбат

Шерхан Талап Корреспондент

Тransfermarkt сайты бағалағандай румыниялық клубтың негізі құрамдағы ойыншыларының жалпы бағасы 20 миллион 300 мың евроны құрайды. Ал, «Ақтөбе» клубының футболшылары 7 миллион 250 мың евроны көрсетіп отыр.

«Стяуа» клубының құрамы:

Гедрюс Арлаускис - миллион евро, Корнел Рыпэ - 500 мың евро, Лукаш Шукала - 2,3 миллион евро, Александру Кипчу - 4 миллион евро, Лучан Филип - 800 мың евро, Кристиан Тэнасэ - 3 миллион евро, Андрей Препелицэ - 1,4 миллион евро, Ясмин Латовлевич - 2,3 миллион евро, Лучан Сынмэртян - 400 мың евро, Фернанду Варела - 2,5 миллион, Адриан Попа - 2,1 миллион евро.

«Стяуа» клубының барлық 25 ойыншысы 32,95 миллион евроға бағаланған. Футболшылардың орта жасы – 24,5 жас.

«Стяуа» клубы сапындағы ең қымбат футболшы - Александру Кипчу


«Ақтөбе» клубының құрамы:

Андрей Сидельников - 200 мың евро, Тарас Царикаев - 400 мың евро, Дмитрий Мирошниченко - 200 мың евро, Маркос Пиззелли - 1,5 миллион евро, Марат Хайруллин - 300 мың евро, Данило Неко - миллион евро, Роберт Арзуманян - 300 мың евро, Валерий Коробкин - 250 мың евро, Юрий Логвиненко - 300 евро, Андерсон Минейро - миллион евро, Алексей Антонов - 1,8 миллион евро.

«Ақтөбе» клубының барлық 23 ойыншысы 10,58 миллион евроға бағаланған. Футболшылардың орта жасы – 27,9 жас.

«Ақтөбе» клубы сапындағы ең қымбат футболшы - Алексей Антонов


Естеріңізге сала кетсек, «Ақтөбе» футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші електік кезеңде тбилисилік «Динамо» командасынан екі ойын қорытындысы бойынша 4:0 (3:0, 1:0) есебімен басым түскен болатын. Ал, «Стяуа» футбол клубы норвегиялық «Стремсгодсет» командасынан айласын асырды. Екі ұжым арасындағы алғашқы кездесу 29-30 шілдеде ойналса, 5-6 тамыз күні қарымта кездесу өтеді.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама