Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысыСтанимир СтойловВенгрия және Болгария құрамаларына қарсы өтетін жолдастық кездесулергеқатысатын футболшылардың тізімін жариялады. Ұлттық құрамаға Астана командасынан 12 футболшы шақырту алған. Қайраттан 9 ойыншы тізімге еніпті. Сондай-ақ Шымкенттің Ордабасы командасынан 2 ойыншыны тізімге қосқан. Ақпан айында Ресейдің Уфа клубымен келісімшартқа қол қойған Еркебұлан Сейдахмет ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алды. Өзге қазақстандық командалардан бірде-бір ойыншы құрамаға ілікпеген. Ойыншылар жарақат алған жағдайда ғана ТобылданДмитрий Мирошниченко мен Виктор Дмитренко, Қайсардан Александр Марочкин келетін болады. Еске салайық,23 наурыз күні Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізсе, 26 наурыз күні Фельчут (Венгрия) қаласында Болгария құрамасымен кездеседі. Шақырту алған футболшылар: Қақпашылар:Александр Мокин, Ненад Эрич (екеуі де Астана), Владимир Плотников (Қайрат); Қорғаушылар:Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый, Евгений Постников (барлығы Астана), Гафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Станислав Лунин, Нұралы Әліп (барлығы Қайрат); Жартылай қорғаушылар:Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де Астана), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (барлығы Қайрат); Шабуылшылар:Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, Юрий Перцух (барлығы - Астана), Сергей Хижниченко, Еркебұлан Тұңғышбаев (екеуі де Ордабасы), Еркебұлан Сейдахмет (Уфа, Ресей). Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының екінші турынан кейін құрама сапында өзгерістер болуы да мүмкін.