Стивенс: "Головкин әлі күнге дейін нағыз боксшымен шығып көрген емес"

Болат Қосмағамбет Корреспондент

"Головкинге Кертис Стивенс біраз уақыттан бері тіс қайрап жүр. Алайда оның промоутері Кэти Дуваның бұл жекпе-жекке қызығушылығы жөнінде білмедім",-дейді Лефлер. Айта кетейік, Стивенс Бруклин ауданынан болғандықтан Головкиннің келесі кездесуін Нью-Йоркте өткізетіндігін ескерсек, оның кандидатурасы біздің боксшы үшін қолайлы болып тұр. Головкин алдағы жекпе-жегін 2-қараша күні дәл осы қалада өткізеді деп жоспарланған.  

Ал Стивенстің өзі болса, Головкин өз мансабы жолында мықты боксшымен кездескен жоқ деп ойлайды: "Мен онымен қуана-қуана жұдырықтасар едім. Головкин әлі күнде дейін нағыз боксшымен шығып көрген емес. Ол мен сияқты нағыз нокаутшының орындауындағы соққыларды сезіп көрген жоқ. Иа, ол Маклинді тамаша әрі ешкім күтпеген соққымен құлатты. Бірақ Маклин кездесу бойына тек одан қашумен болды. Ал қазір олар Головкиннен барлығы қорқатын "құбыжық" жасамақшы. Бірақ оған біріншіден мен сияқты қарсыласпен шығып алуы керек",-дейді Кертис Стивенс. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: allboxing.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама