Стефано Дзанини «Астана» велокомандасының директоры атанды

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент

1991 мен  2007 жылдары  кәсіпқой велошабандоз ретінде талай доданың басын шалған Стефано Дзанини өзінің спорттық ғұмырында отыз мәрте тұғыр төріне көтерілген. 1996 жылы “Амстел Голд Рейстің” бас жүлдесін иеленсе,  2000 жылы көпкүндік супержарыс “Джиро Италияның” екі кезеңінде топ жарған. Дзанинидің “Тур де Франстың ” соңғы және мәртебелі кезеңі Елисей төріндегі жеңісі бәрінен оқшау тұрады. Велоспорт әлемінде өз атын қалдырған Стефано Дзанини енді  өзінің мол  тәжірибесін “Астананың” алдағы жеңістеріне арнайтын болады.

А. Винокуров «Астана» велокомандасының Бас менеджері болып тағайындалды. Александр Винокуровтың «Астана» велокомандасының Бас менеджері болып тағайындалғаны Монакода ресми түрде жария етілді. Олимпиада чемпионының спорттық ғұмырына нүкте қою салтанатына арнайы келген Қазақстан велоспорт федерациясының өкілдері бұл жөнінде «Еуроспорт» арнасына берген сұхбатта айтты.

Федерация вице-президенті Дархан Қалетаевтың мәлімдеуінше, команда «Самрұқ Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен төрт жылдық мерзімге бас демеушілік келісім-шартқа қол қойды. Олимпиада чемпионын құттықтау кешіне «Тур де Франстың» бес дүркін чемпионы Энди Мекс және Винченцо Нибали сынды велошабандоздар қатысты. Салтанатты кеш ертесінде велобәйгемен жалғасты. Александрдың командалық достары және велоспорт ардагерлері қатысқан жарыс 50 шақырымға созылды. Жарыс жолының қысқа болуына қарамастан, талас аса тартысты өтті. Нәтижесінде, Филип Жильбер мен Винченцо Нибалиді шаң қаптырған қазақ спортшысы мәре сызығын бірінші болып кесті.

 Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама