Стас Покатилов Ресейдің «Ростов» клубына ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

23 жастағы қазақстандық қақпашы спорттық мансабындағы төртінші клубына ауысты. Ол осыған дейін Оралдың «Ақжайық», Қарағандының «Шахтер» және «Ақтөбе» клубтарында ойнады. Ұлттық құрама сапында 8 ойынға қатысты.

Стас Покатилов «Ростов» клубы тарихында ойнаған төртінші қазақстандық футболшы атанып отыр. Осыған дейін ресейлік клубта Самат Смақов, Андрей Карпович пен Рафаэль Уразбахтин ойнаған.

Айта кетейік, «Ростов» Ресей біріншілігінің күзгі кезеңін екінші орынмен қорытындылаған болатын. Құрбан Бердыев жаттықтыратын ұжым Мәскеудің «ЦСКА» клубынан 3 ұпайға қалып келеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама