Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері қызметінен кетті

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы таратқан ақпарат бойынша еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен ғана тең ойнап, 1 ұпай жинады. Жаттықтырушы тұсында команда бірде-бір гол соқпады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама