Спортшыларымыз киген костюмдер ақ Олимпиаданың үздік формалары қатарында

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Спорт журналистері отандық спортшылардың киген костюмдеріндегі ұлттық нақыш пен оның дизайнын жоғары бағалаған. Қазақстаннан бөлек, тізімге Бермуд және Кайман аралдарының спортшылары киіп шыққан шортылар мен Германия елінің спортшылары киген түрлі-түсті костюмдер, ұлыбританиялық құлақшындар, Жаңа Зеландия құрамасын алып шыққан Шейн Доббиннің тоны, АҚШ елінің жолақ жұлдызды киімдері және де Тонго, Бруно, Банани елдерінен жарысқа шыққан жалғыз ғана спортшының киім үлгілері кіріп отыр.  

Сочиде жалауын көтерген XXII қысқы Олимпиада ойындары 8 ақпан күні салтанатты ашылу рәсімінен кейін басталған еді. Ақ Олимпиада ойындары 23 ақпанға дейін жалғасатын болады.  Бұл ойындар бірнеше көрсеткіш бойынша жаңа рекордтар қойды: Сочиде 88 елдің спортшылары өнер көрсетеді (Ванкуверде 82 ел қатысқан еді). Барлығы 98 медальдар жиынтығы сарапқа салынады (2010 жылмен салыстырғанда 12 медальға көп).

Айта кетейік, Сочиде сынға түсіп жатқан ақ олимпиадашыларымыздың ешқайсысы әзірге жүлдеге ілінген жоқ. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: kapital.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама