Спидвейден Алматыдағы әлем чемпионаты: Екінші күнде де Ресей спортшылары жеңді

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент

Алматы кезеңінің екінші күні әлемнің екі мәрте әрі қазіргі чемпионы, ресейлік Даниил Иванов жеңімпаз атанды. Ол бес жарыстың бесеуінде де жеңіп шығып, ең жоғары 15 ұпайды жинады. Екінші орынды Ресейдің тағы бір өкілі - Алматы чемпионатының бірінші күні жеңімпаз атанған Дмитрий Колтаков иеленді. Қола жүлдегер де - ресейлік, ол - Дмитрий Хомицевич. 

Спидвейден әлем чемпионаты Халықаралық мотоцикл федерациясы (FIM) ұранымен өтіп жатыр. Оған Австрия, Германия, Ресей, Чехия, Швеция және Қазақстаннан 18 спортшы қатысып жатыр. Қазақстанның атынан бұл кезеңге Владимир Чеблоков қатысып отыр, қосалқы спортшылар - Павел Некрасов пен Денис Слепухин. 

Еске салайық, чемпионаттың үшінші кезеңінің бірінші күні Дмитрий Колтаков жеңімпаз атанды. Ол Франц Цорн мен Дмитрий Хомицевичті басып озды. Спидвейден 2015 жылғы жеке әлем чемпионатының финалы бес кезең бойынша өтіп жатыр. Алғашқы екі кезеңі Ресейдің Красноярск және Тольятти қалаларында өтті. Алматыдағы үшінші кезеңінен кейін чемпионат Нидерландының Ассен қаласына ауысады, ал 14-15 наурызда Германияда қорытындыланады.

сурет: tengrinews.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама