Соңғы үміт те сөнді (видео)
Алғашқы минуттардан қарсылас қақпасына қауіп төндіре бастайтын қарағандылық команда бұл жолы жүрісінен жаңылғандай сыңай танытты. Хуб Стебенс командасы «кеншілер» ұжымын қыспаққа ала бастады. 2012 жылғы Пушкаш сыйлығының иегері словак Мирослав Стох командасын барынша алға сүйреумен болды. Бірнеше сәтті пастар шығарып, Александр Мокин қақпасына қауіп төндіре білді. Өз кезегінде Хижниченко мен Казарян тәуір өнер көрсеткенімен, командаластарын алаңда байқауда қырағылық таныта алмады.
Екінші таймды да қонақтар қауіпті соққымен бастады. Дегенмен 48 минутта Андрей Финонченкода керемет мүмкіндік болған. Асығыстық танытты. Мүлт жіберді. Есесіне испандық футболшы Лукас пас шығарамын деп, кездесуде керемет голды Александр Мокин қақпасында тулатты. 70 минуттан аса қарағандылық команда кездесуді қолға алуға тырысты. Әйтсе де Сергей Хижниченко мен Андрей Финонченко есеп теңестірер сәтте қателесумен болды. Төреші қосқан қосымша уақыт «Шахтер» пайдасына қызмет атқармады. 92 минутта Кициу есепті 2:0-ге жеткізіп, командасын Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне сенімді түрде алып шықты.
Қазақ футболының тарихында алғаш болып еурокубок жолындағы тартыстың топтық кезеңіне шыққан қарағандылық "Шахтер" ел спортына үлкен сый жасады десек болады. Виктор Кумыков командасына келер маусымдағы кездесулеріне сәттілік тілейміз!
"Шахтер" (Қазақстан) — "ПАОК" (Салоники, Грекия) 0:2 (0:0)
Гол: Лукас 54 (0:1). Кициу 90 (0:2)
Ескерту: Каньяс 25, Порываев 41 — Лазэр 71
"Шахтер": Мокин, Порываев (Байжанов 83), Тарасов, Джидич, Малый, Симчевич, Вичюс, Казарян (Лунин 66), Каньяс, Финонченко, Хижниченко (Зенькович 76)
"ПАОК": Гликос, Цавеллас, Лино, Циолис, Стох (Вукич 78), Лазэр, Кацуранис, Кициу, Нинис (Салпингидис 83), Лукас (Нецид 90), Атанасиадис
Төреші: Серж Гюмьенни (Бельгия)
Астана. «Астана-Арена».
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vesti.kz