Сочи - 2014. Ең, ең, ең...

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

Бой шамасы жағынан ең кішкентай қатысушы ретінде жопондық мәнерлеп сырғанаушы Наруми Такахаси мен канадалық Лайм Фирус (146 см) белгілі болды.

Ал, украиналық фристайлшы Александр Окипнюк, австриялық трамплиннен секіруші Кьяра Хельцель және германиялық шорт-трекші Анна Зайдельдердің салмағы 43 килограмды көрсетіп, ең жеңіл қатысушы атанды. Олимпиаданың ең жас қатысушысы атағы жапондық сноубордшы Аюму Хирано (29.11.1998) мен оның құрдасы германиялық трамплиннен секіруші Джанина Эрнсттің (31.12.1998) үлесіне тиді. Жас шамасы бойынша ең үлкен қатысушы болып 48 жастағы доминикалық шаңғышы Анжелика Моррон ди Сильвестри (25.11.1965) танылды. Тау шаңғысы спортынан Олимпиадаға алғаш қатысқалы тұрған 55 жастағы мексикалық Хубертус фон Хохенлохе (02.02.1959) – Олимпиаданың ардагері атанды. Ол осымен алтыншы мәрте қысқы Олимпиада ойындарына қатысқалы отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Сочи Олимпиадасының алауы 7 ақпан күні тұтанады. Еліміздің намысын 52 спортшы қорғайтын болады.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: eurosport.ru 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама