Сметов Париждегі алтыннан кейін 2028 жылғы ойындарға қатысты мәлімдеме жасады
"Қазір 31 жастамын, жуырда 32-ге келемін. Келесі Олимпиадада 36 жаста болады екенмін. Егер мүмкіндік туып жатса, неге қатысып көрмеске? Осындай шешімге келдік", - дейді спортшы Instagram желісіндегі стористе.
Бірақ бұған дейін Сметов Париж ойындары ол үшін соңғы Олимпиада деген болатын.
Парижде Елдос 60 келіде алтын алып, толыққанды олимпиадалық кавалер атанды: 2016 жылы ол күміс және 2020 жылы қола алған болатын.
Сонымен қоса, бұл Қазақстан тарихындағы дзюдодан алғашқы алтын жүлде.