Сильвестр Сталлоне: "Кличколарды тек уақыт қана жеңе алады"

Уалихан ҚОСАНБАЙ Корреспондент

— Шынында АҚШ елінде аса ауыр салмақ құлдырауда. Бұл салмақтағы жігіттер тым ауыр. Кезінде Джо Фрейзер 95 келі, Джордж Форман 97 келі болатын. Бүгінде аса ауыр салмақта өнер көрсететін жігіттер 110-120 келі тартады. Техникалық және физикалық күштері қалыптасқан боксшыны бүгінде табу өте қиын. Дон Кинг және өзге де промоутерлер жаңа талантты былғары қолғап шеберлерін қалыптастыра алмады.

— Кличколарды кім жеңе алады?

— Ешкім. Кличколарды тек уақыт қана жеңе алады.

Неге «Рокки» мюзиклының премьерасына Кличколардың қатысуын қаладыңыз?

— Виталий маған «Рокки» фильмінің ерекше әсер еткенін айтты. Жастайынан осы киноны көріп, осы фильм арқылы бокстағы алғашқы қадамдарын бастаған екен.
— Кличколармен таныстығыңыз қалай басталды?
— Таныстығымыз өте қызық болды. Негізі «Рокки» мюзиклын қою туралы жоспарым бұрыннан болған. Бірақ нақты ешкім ұсыныс тастаған жоқ еді. Бір күні менің кеңсеме Владимир келіп, «Менде бір жоспар бар» деді. Мен іштей бұл жігіт жарнама жөнінде келген шығар деп ойлағам. Дегенмен, ол маған: «Неге «Рокки» мюзиклын сахналандырмасқа» деген ой айтты. Мен бірден келісім бердім.

— Сіздің рейтингіңізде барлық уақыттардағы ең мықты боксшылардың қатарында Кличко қай орында орналасқан?
— Бұл сұраққа жауап беру өте қиын. Өйткені, Кличколар Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер секілді аса ауыр салмақтағы боксшылармен жұдырықтасқан жоқ. Дей тұрғанмен, Кличколар менің рейтингімде үздік ондықтың қатарына сөзсіз кіреді.

— Әңгімеңізге рахмет!

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама