Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 23 жастағы Шыңғысхан Тәжібай мен Райрус Дадли арасындағы жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған болатын. Төрт раундқа шыдас берген боксшылар арасындағы жеңімпаз төрешілер шешімі бойынша анықталды. Төрешілер отандасымызды жеңімпаз ретінде таныды.

Айта кетейік, Шыңғысхан Тәжібай кәсіпқой бокстағы мансабын 2015 жылы бастаған болатын. Шілде айында Брэд Сустадты бірінші раундта, тамыз айында Колеман Фелпсті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама