Шымкентте алғаш рет триатлоннан Азия кубогі өтеді
Shymkent ASTC Triathlon Asian Cup – құрамына 35 ел кіретін Азиялық Триатлон Конфедерациясының бастамасымен кәсіби спортшылар арасында триатлоннан өткізілетін құрлықтық турнир.
Жарысты Шымкент қаласының әкімдігі, "СПК Шымкент" АҚ, Қазақстан Респбликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті, "Самрұқ-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ, Шымкент қаласының триатлон федерациясы, Қазақстандық Триатлон Федерациясы ұйымдастыруда.
Жарыстың басты мақсаты - Қазақстанда триатлон мен салауатты өмір салтын дамыту, қазақстандық спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің шеберлік деңгейі мен біліктілігін арттыру және жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан спортшыларды анықтау.
"Стандартты" қашықтықтағы жарыс үш кезеңнен құралатын болады:
1500 м жүзу + 40 км веложарыс + 10 км жүгіру. Азия кубогына 130-ға жуық кәсіби спортшы қатысады деп күтілуде. Жарыстың бас төрешісі - Сергей Геннадьевич Кобзев.
Азия кубогымен қатар триатлоннан "TEMIRADAM" Кубогінің ІІІ кезеңі кезеңі өтеді. Бұл – қалың бұқара арасында салауатты өмір салты мен триатлонды насихаттау мақсатында Age Group (әуесқойлар) санатындағы спортшылар арасында триатлон бойынша өткізілетін ұлттық турнирдің кезеңі.
Бұл жарыста "стандартты" қашықтықтағы жарыс үш кезеңнен құралады. 1500 м жүзу, 40 шақырымдық веложарыс және 10 шақырымға жүгіру. 200-ге тарта әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.
Айта кетейік, триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі.