Швециялық клуб Франциядағы әуе апатынан аман қалған

О Сансызбай Корреспондент

Швециялық клубтың ойыншылары Каталониядан еліне қайтқан. Команданың барлық ойыншылары «Germanwings» әуекомпаниясы ұшағының билеттеріне алдын-ала тапсырыс беріп қойған. Соңынан Дюссельдорф арқылы ұшу ұзаққа созылатынын ескерген футболшылар билеттерін ауыстырып, өзге үш ұшаққа бөлініп мінген. Нәтижесінде Швецияның бірінші дивизионында бақ сынайтын клубтың футболшылары мен мүшелері әуе апатынан аман қалған.

- Біз сол ұшақта болуымыз керек болатын... Альпі арқылы ұшатын төрт ұшақ болды. Төртеуінің де әуеге көтерілетін уақыты бірдей еді. Біздің ойыншылардың барлығы апатқа ұшыраған ұшаққа билет алған болатын. Кейіннен ұшу билеттерін ауыстырып, өзге үш ұшаққа бөлініп мінді. Шынын айтсам, бізді бір құдірет құтқарды. Әйтпесе, бәріміз бақилық болар едік. Қаза тапқандардың отбасына көңіл айтамын, - деген клубтың спорттық директоры Адиль Кизиль.

Айта кетейік, «Germanwings» әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альпі тауларының аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапқан болатын.

Жолаушылардың арасында Қазақстан азаматтары да болған. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «Germanwings» әуе компаниясының 24 наурызда Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшағында ҚР азаматы Иманғалиев Ербол Базаралыұлының (1965 жылы туған), Исенғалиева Айжан Сарымқызының (1996 жылы туған) және Иманғалиев Әділ Ерболұлының (1989 жылы туған) болғанын растады. Тағы бір жолаушының азаматтығы анықталып жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанда туған опералық әнші Олег Брыжактың да ұшақ бортында болғаны анықталған еді.

Cурет: өңделген

Оқи отырыңыз

Бағы жанбай жүрген бапкерлер

Футболдағы ХХІ ғасырдың ең үздік покер орындаушылары (видео)

Катар футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатын қыста өткізетін болды

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама