Шведова өзін "үздік жиырма теннисші" қатарынан көргісі келеді

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Тізе жарақаты мен жасалған операция кесірінен спортшы 2011 жылды WTA рейтингісі бойынша 206 орынмен аяқтаған еді. Бірақ осы жылғы теннис маусымында еліміздің бірінші ракеткасы тамаша ойын көрсете білді. Тіпті кейбір додаларда атақты теннисшілерден де басым түсіп жатты. Осылайша төккен тері текке кетпеді. Ол биылғы маусымды 29-орынмен аяқтады.  

WTA ресми сайты Шведованың сөзін былай келтіреді: "Мен осы алған жүлдеме өте қуаныштымын. Шынымды айтсам, мен үшін бұл аяқ астынан болды. Ең бірінші мен командамды құттықтағым келеді. Бірақ мен осымен тоқтап қалмақ емеспін. Басты мақсатым - жекелей сында Топ-20-ның ішіне кіру. Ал топтықта қайтадан Топ-10 қатарына оралу".

Қазіргі кезде отандасымыз Аргентина астанасы Буэнос-Айресте жаттығу жұмыстарымен жүр. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gotennis.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама