Шведова мен Среботник жұбы Кремль Кубогінің келесі кезеңіне шықты

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Мәскеудегі "Олимпийский" спорт кешенінде өтіп жатқан турнирде Шведова/Среботник жұбы ресейлік Анастасия Павлюченкова мен чех Луция Шафарова дуэтінен басым түсті.

Матч есебі: 7:5, 2:6,10:5.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қазақстандық Ярослава Шведова жарыстың жекелей сынында турнир иесі Анастасия Павлюченкованы 6:2, 6:2 есебімен ұтқан еді. Жерлесіміздің алдағы ойындары туралы сіздерге қосымша хабарлап отыратын боламыз.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: championat.com

 

 


Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама