Шведова финалға шықты

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

27 жастағы қазақстандық теннисші финалда бразилиялық Телиана Перейрамен кездеседі. Ол жартылай финалда украиналық Элина Свитолинаны жеңген болатын. 

Шведова WTA турнирлерінің финалына соңғы рет сонау 2007 жылы шыққан. Араға сегіз жыл салып, ол өзінің алғашқы финалына шығып отыр.

Ярослава Шведова бірінші айналымда украиналық теннисші Марина Заневскаядан 6:4, 6:7(5), 6:2 есебімен басым түскен болатын. Екінші айналымда АҚШ елінің теннисшісі Сачия Викериді 6:0, 6:2 есебімен ұтты. Ал ширек финалда жарыстың екінші ракеткасы Моника Пуигті 7:6(1), 6:2 есебімен жеңді. 

Естеріңізге сала кетейік, Ярослава Шведова бұл жарысқа 2012 жылы қатысып, іріктеуден бастаған. Кейін ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде венгриялық Тимеа Бабоштан жеңілген еді. Биыл жарыстың жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құрап отыр. 

Сурет: sk-sport.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама