Шведова 1/4 финалдан аса алмады
Жарыстың екінші кезеңінде жерлесіміз WTA рейтингісінде 68-ші орында келе жатқан ресейлік Елена Веснинамен кездескен еді. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылып, жеңіс Ресей теннисшісіне бұйырды. Есеп: 6:2, 6:3.
Веснинаның келесі қарсыласы Агнешка Радваньска (Польша) - Симона Халеп (Румыния) жұбының ойынынан кейін анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жарыстың бірінші айналымында тағы бір отандасымыз Галина Воскобоева сүрінген еді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: dailynews.kz