Шүменов vs Хопкинс. Кездесу уақыты анықталды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Осыған дейін кейбір БАҚ аталған кездесуді Нью-Йорктің Бруклин ауданында орналасқан 19 мыңдық орны бар Barclays Center аренада өтеді деп жазған еді. Алайда ендігі жерде кездесу орны Вашингтон болады деп айтылуда.

Бернард Хопкинс

Естеріңізге салар болсақ, соңғы кездесуінде қазақстандық боксшы словак Тамаш Ковачты нокаутпен ұтып, өзінің WBA чемпиондық атағын сәтті қорғап шыққан болатын. Ал Хопкинс болса соңғы рет 26 қазанда неміс Каро Муратпен жұдырықтасып, ұпай саны бойынша басым түсті. Айта кету керек, Бернард Хопкинс бокс тарихындағы әлем чемпиондары арасында жасы ең үлкені саналады.    

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: isport.ua

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама