Шүменов "Супер-чемпион" атанды
Осыған дейін қазақстандық WBA ұйымының тұрақты чемпионы атанып келген еді. Алайда кейін аталған қауымдастық оның статусын жоғарылатып, ал осыған дейінгі белбеуін вакантты деп таныды. Енді бұл атаққа неміс Юрген Бремер мен америкалық боксшы Маркус Оливейра таласатын болады.
Ал Шүменов болса «Супер-чемпион» ретінде өз белбеуін қорғау үшін 2014 жылдың 15 сәуіріне дейін міндетті түрде бір жекпе-жек өткізуі тиіс. Әзірге үміткердің есімі жариялана қойған жоқ. Соңғы рет қазақстандық боксшы өз атағын осыдан үш жыл бұрын қорғаған болатын. Ал әзірге ол 11 қараша күні бір жекпе-жекке қатысады деп жоспарланып отыр. Бұл кездесу кештің басты оқиғасы филиппиндік Мэнни Пакьяо мен америкалық Брендон Риос арасында болатын жекпе-жекке дейін өтпек.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: vesti.kz