Шумахердің жағдайы әлі де мәз емес

Болат Қосмағамбет Корреспондент

«Михаэльдің денсаулығы жөнінде осыған дейін таратылған хабарлардың барлығы дәрігерлердің не менің аузымнан шыққан емес, белгісіз адамдардың ойлап тапқаны. Сондықтан да біз олардың бәріне түсініктеме бере алмаймыз»,-дейді спортшының ресми өкілі. Сондай-ақ портал осыған дейін автошабандоздың денсаулығы жайлы оның ресми өкілі 17 қаңтарда хабарлағанын да айта кетіпті.

Осыдан біраз уақыт бұрын, француз БАҚ өкілдері Михаэль Шумахердің есін жиғанын және де осыған байланысты дәрігерлер оны комадан осы аптада шығаратындығы жөнінде жазған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Михаэль Шумахер 29 желтоқсан күні Францияның Мерибеле тау-шаңғы курортында шаңғы теуіп жүргенде оқыс құлап, бас сүйегінен ауыр жарақат алған еді. Ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен Михаэль Шумахер бірден жасанды комаға енгізілді. Сол кезден бері оған екі рет күрделі операция жасалынды.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: daily-motor.ru

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама