Шорт-тректен Қазақстан құрамасы «Нидерланд кубогында» екінші орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ almaty2017.com

8-9 қазан аралығында өткен жарысқа 12 команда қатысты. Олардың қатарында Ұлыбритания, Венгрия, Польша, Германия, Латвия, Израиль елдерінің командалары бар. Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Мерсаид Жақсыбаев, Денис Никиша және Айдар Бекжанов бақ сынайтын Қазақстан құрамасы эстефеталық сында сәтті өнер көрсетті. 7:09,435 нәтижесімен нидерландылықтардан (7:09,355) кейін екінші орын алды. Үшінші орынды да нидерландылық команда (7:09,488) иеленді.

Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан құрамасы Универсиада алдындағы дайындығын Нидерланд елінде өткізуде.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама