Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы мәлімдеме жасады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Фото ©️ ©IG/mcrindvegas

Чемпион аустралиялық Джек Делла Маддаленаға (17-2) қарсы күрес әдістерін қолданбай, оны тік тұрып жеңетінін айтты. 

"Джекке қарсы рингке шығамын және оған тейкдаун мүлде жасамаймын. Бәріне, жанкүйерлерге UFC-дің жартылай орта салмағында ең мықты боксшы екенімді паш етемін, оған "Канелоның стилін" көрсетемін. Жекпе-жегімді міндетті түрде көріңіздер", - деп келтірді Мухаммадтың сөзін Bloody Elbow.

Айта кетейік, қазақстандық Шавкат Рахмонов Белалмен екі рет кездесуі керек болатын, алайда екі рет те айқас өтпей қалды.

Енді Шавкат осы кездесуден кейін Мухаммадпен жұдырықтасады деп күтіліп отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама