Шавкат Рахмонов қанша табысқа кенелді?

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Шавкат Рахмонов қанша табысқа кенелді?
Фото ©️ championat.com

Жексенбінің таңында Шавкат Рахмонов Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық Иан Гэрриді жеңіп шықты. Бұл жекпе-жегі үшін қазақстандық спортшы мансабындағы ең қомақты сыйақысын алады. 

БӨЛІСУ

Mma.metaratings ақпараты бойынша Шавкат жекпе-жекке шыққаны үшін 300 мың АҚШ долларын иемденеді. Жеңіске жеткені үшін тағы 100 мың доллар еншілейді. Сондай-ақ PPV сатылымдарынан 750 мың, демеушілерден 5 мың доллар алады. Барлығы 1 155 000 млн доллар табысқа кенелген. Алайда турнирде үздік өнер көрсеткен спортшыларға берілетін гонорардан тыс қалды. 

Ал Иэн Гэрри жекпе-жекке шыққаны үшін 350 мың доллар сыйақы алады. PPV сатылымдарынан 700 мың, демеушілерден 6 мың доллар беру қарастырылған. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов Иан Гэрриді жеңгеннен кейін жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммадты жекпе-жекке шақырды