Шавкат Рахмонов чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке шығатын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шавкат көптен күткен маңызды жекпе-жегіне мүмкіндік алды. Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) шайқасады. Жеңіске жетсе, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақ чемпионы атанатын болады. Сондай-ақ бұл Шавкаттың мансабындағы бірінші мейн-ивенті әрі екінші PPV-оқиғасы болмақ (дебюті UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткен).

Айта кетейік, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанған еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама