Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қымбат Слямбек Корреспондент
Фото ©️ Getty Images

Абу-Дабиде өтіп жатқан UFC 254 турнирі аясында өткен жекпе-жекте Шавкат Рахмонов алғашқы раундта-ақ гильотин әдісімен қарсыласын ұтты. Осылайша, қазақстандық спортшы жеңіс сериясын 13-ке дейін жеткізді.

Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін M-1 Global ұйымында өткізіп, бразилиялық файтер Тиаго Ласердоны (28-8-1-1) техникалық нокаутпен жеңген болатын. 

"Жеңіске жеткеніме, елімнің туын көтергеніме өте қуаныштымын! Қарсыласым мықты болды. Бұдан да мықты қарсыластарымды жеңемін деген ойдамын. Өз туған күніме сыйлық жасадым. ЮФС-дегі чемпиондық белбеуге кезең-кезеңмен жететін боламын", - деді Шавкат Рахмонов сөйлеген сөзінде.

Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Хабиб Нурмагомедов америкалық Джастин Гэтжимен жұдырықтасады. Ресейлік файтер чемпиондық белбеуін қорғайды. Ал тағы бір қазақстандық файтер Сергей Морозовтың жекпе-жегі қарсыласы Умар Нурмагомедовтің ауырып қалғанына байланысты өтпейді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама