Шавкат Рахмонов 2025 жылы неше жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ sport-express.ru

Отандасымыз 8 желтоқсан күні таңда жекпе-жекке шығады. Лас-Вегастағы UFC 310 турнирінде ирландиялық Иан Гэрримен шайқасады. Журналист Димаш Тулегеновке берген сұхбатында жекпе-жек жайлы және алдағы жоспарын айта кетті. 

Лас-Вегастағы жекпе-жекке спортшының жеке бапкері Баян Жанғалиев барады. Шавкатты октагонға бірге бастап та шығатын болады.

"Бұл маған қосымша күш береді", - дейді отандасымыз. 

"Баян ағаймен біраз жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Жеке бапкерім. Мен үшін тағы қосымша күш болады деп ойлаймын", - деді. 

Шавкат 2025 жылы екі жекпе-жек жеткілікті болады деп санайды. 

"Маған екі жекпе-жек өткізу жеткілікті болады. Белбеуді алып, оны бір қорғау басты жоспарда. Сол да келер жылға жеткілікті", - деді Шавкат. 

Қазақстандық спортшы 8 желтоқсан күні UFC чемпионы Белал Мұхаммедпен шығуы керек болған. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Нәтижесінде Шавкатпен шайқасуға Иан Гэрри ғана келісті. Белал бұдан кейін басқа спортшымен чемпиондық атағын қорғап жүрмей ме деген сұраққа да Шавкат жауап бере кетті. 

"Олай болмау керек. Мен Гэрримен жекпе-жек өткізіп болғаннан кейін, ол менімен шығуы керек. Басқа ешкім жоқ", - деп айтты. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов октагонда 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Иан Гэрри де жеңіліп көрмеген спортшы. Ирландиялықтың еншісінде 15 жеңіс бар. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама