Шарапова Пекиндегі турнирде екінші мәрте жеңіске жетті
Жарыстың екінші айналымында Шарапова Румыния елінің үміті Сорана Кырстюді екі сетте жерге қаратты: 6:2, 6:2.
Марияның келесі қарсыласы да анықталып қойды. Ол словениялық Полона Херцог. Полона ресейлік Екатерина Макарованы 7:6, 3:6, 7:6 есебімен ұтқан болатын.
Айта кетейік, жарысты аяқтағандар қатарында сербиялық Елена Янкович те бар. Ол испаниялық Карла Суарес-Наварроны 7:5, 6:4 есебімен жеңген болатын. Ол енді франциялық Марион Бартолимен кордқа шығады. Сонымен бірге Ана Иванович те жарыстан шығып қалды. Ол екінші айналымда швейцариялық Ромина Опрандиден 4:6, 3:6 есебімен жеңіліске ұшырады.
Қытай елінің астанасында өтіп жатқан турнирдің жүлде қоры 4,500,000 АҚШ долларын құрайды.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: phombo.com