Шаңғымен тұғырдан секіру спортындағы тарихи жүлде

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Қазақстандық спортшы алғашқы мүмкіндігінде 96,5 метрге секірді. Екінші мүмкіндігінің нәтижесі 94,5 метр болды.

Алтын жүлде 252,1 ұпай жинаған норвег спортшысы Томас Аасен Маренгке (екі мүмкіндігінде де - 97 метр) бұйырды. Күміс медальды неміс Лука Роц (95 метр және 97,5 метр) еншіледі. Финалда неміс спортшысы 97,5 метрді бағындырғанымен, Томас Аасен Маренгтің алғашқы айналымда жиған ұпайы басымдық сыйлады.

Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Павел Васильевтің айтуынша, бұл тарихи жеңіске пара-пар жүлде екен. Бұл туралы ҚР ҰО ресми сайтына берген сұқбатында айта кетті.

- Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет біз жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан жүлде алып отырмыз. Әрине, бұл біз үшін үлкен жетістік. Жарысқа Никита Девяткин, Глеб Сафонов, Нұршат Тұрсынжановтар да қатысты. Биыл біз алғаш рет квоталар санын көбейтіп, қатысушы спортшылар санын төртке жеткіздік. Бұрын біздің ел атынан екі спортшыдан артық қатыспайтын. Сондай-ақ, біз алғаш рет командалық турнирде бақ сынаймыз. Әлем бойынша 12 команда ғана қатысатын турнирдің финалына өттік. Бұл да тарихта бірінші рет болып отырған жағдай, - дейді бас бапкер.

Сергей Ткаченко - 19 жаста. Әлем чемпионатындағы қола жүлде - оның спорттағы ең үздік нәтижелерінің бірі. Ол 2017 жылы Саппорода (Жапония) өткен қысқы Азия ойындарында жекелей жарыста қола, командалық жарыста күміс алған

Лахтидегі жастар арасындағы әлем чемпионаты 27 қаңтарда аяқталады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама