"Шахтер" түзде "Атлантаспен" тең түсті
Екі команда да кездесуді сақ бастады. Алғаш болып "кеншілер" қауіпті сәттерді тудырды. Өз кезегінде Михрет Топчагич, Андрей Финонченко есеп ашуға берілген мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Бірінші таймда Виктор Кумыков шәкірттерінің қауіпті бір шабуылы қақпа маңдайшасынан қайтса, екінші таймда алаң иелерінің добын қақпа бағаны қайтарды. Ойынды толықтай өз қолында ұстаған "Шахтер" аса көп тәуекелге бара қойған жоқ. Нәтижесінде қос клуб та есеп ашпай, тең тарқасты.
Қарымта кездесу 24 шілде күні Қарағандыда өтеді. Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz