Шахматшы Динара Сәдуақасова Азия чемпионы атанды

Massaget Корреспондент
Фото ©️ inform.kz

Біріншілік Қытайдың Синтай қаласында 6-16 маусым аралығында өткен. Динара 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 ұпайдың 7,5-ін еншіледі.

"Динараны жеңісімен құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт тілейміз", - деп федерация 23 жастағы спортшыны құттықтады.

Азия біріншілігінде жеңіске жеткен Динара Сәдуақасова Әлем кубогының іріктеу кезеңінен өтті.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

????????Әйелдер арасында Азия чемпионатында 1-ші орын алдым. Өте қуаныштымын! ⠀ ????????Today I became Asian Women Chess Champion! Thanks to everyone who believes and supports me. ⠀ ????Рада стать чемпионкой Азии среди женщин и отобраться на Кубок Мира. Спасибо за поддержку! ⠀ ???????? 我很高兴成为亚洲女冠军。感谢组织者的盛情款待。 ⠀ #Asianchesschampionship #China #chess #winner

Публикация от ♛DINARA SADUAKASSOVA (@dinara.saduakassova)15 Июн 2019 в 8:24 PDT

Атап өтсек, республика намысын бұл турнирде үш шахматшы қорғады: Ринат Жұмабаев, Динара Сәдуақасова, Гүлмира Дәулетова. Жарыстың жүлде қоры – 80 мың АҚШ доллары.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама