Серік Сәпиев туралы фильм үздік деп танылды

Олимпиада жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері жайлы түсірілген фильм фестиваль қатысушыларының ыстық ықыласына бөленген. Спорттық жанрдағы фильмдер көрсетілетін бұл шараға ТМД  және Еуропадан 23 мемлекет қатысып, алты аталым бойынша 77 деректі және көркем лента ұсынылған екен. Бұл – біз үшін үлкен жетістік.

Басты қаһарман мен фильм авторы әрі продюсері Ольга Сапожникова 2 сәуір күні Мәскеу қаласында марапатталды. Рәсімге фестивальдің құрметті президенті Ирина Роднина қатысып, арнайы құттықтау сөз сөйледі.

Белгілі актер Евгений Герасимов қазақ боксшысының спорт саласында сіңірген еңбегі мен деректі фильмінің құндылықтарын ерекше атап өтіп, "Серік Сәпиев. Олимпиадаға жол" картинасын елдің барлық мектептерінде көрсету керектігін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жастағы қазақстандық боксшы Серік Сәпиев 2012 жылы өткен Лондон Олимпиадасының жеңімпазы, сондай-ақ, 2005 және 2007 жылдары әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Лондон Олимпиадасындағы жеңісінен кейін боксшыға Вэл Баркер кубогі берілген болатын.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: lowkick.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама