Серік Сәпиев Мәжіліс депутаты болды
Бүгін, 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде "Нұр Отан" партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданды.
ОСК шешімі Қазақстан Республикасының 1995жылдың 28 қыркүйегіндегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-бабына сәйкес жүзеге асты.
ОСК төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төсбелгісін табыс етті.
Айта кетейік, Серік Сәпиев бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) бақ сынайтын «Astana Arlans» командасының бас менеджері де. Ал жақында ғана Алматыда өткен Универсиада ойындарында Атлетикалық қалашықтың әкімі болған еді.