Серік Сәпиев "Астана Арландары" сапына ауысуы мүмкін

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Елордада аяқталған "Астана Арландары" пен "Американдық нокаутшылар" арасындағы кездесуден соң, осы жаңалық жөнінде Серіктің өзі: "Мен қазір Олимпиада ойындарынан кейін өзімді физикалық және психологиялық тұрғыдан қалпыма келтіріп жатырмын. Жақын арада "Арландардың" құрамына кіруімді жоққа шығара алмаймын", деді. Ол сонымен бірге, өзін "Арландар" қатарына қосылса, капитан ретінде де шаршы алаңға шығуы мүмкін екенін айтқан екен. 

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні "Астана Арландары" американдық бокс клубын 5:0 есебімен ұтқан болатын. 

Осыған дейін, Вэл Баркер Кубогының иегері бокстан кеткен жағдайда, өзін мемлекеттік қызмет саласынан көргісі келетінін айтқан еді.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: z001.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама