Серік екінші рет әке атанды

Өзінің екінші қызының есімін Серік Сәпиевтің өзі Алуа деп қойыпты.

Оның айтуынша, Мөлдір ханым мен бөбектің жағдайы өте жақсы және тұңғыш қыздары Аққу сіңлісінің қызықтарына қуанып жүр екен. Ал чемпионның өзі жақында Қазақстан бокс федерациясының әкімшілік қызметіндегі жаңа жұмысына кірісетін болады.

Серік Сәпиев - Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.

Массагет ұжымы Серік пен Мөлдірді қуаныштарымен құттықтайды. 

Суреттер: bnews.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама