Сергей Корчинский «Астана Арландарында» қалады

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

«Келер маусымда Сергей Корчинский команданы жаттықтыратын болады. Біз бапкердің өзімен бұл мәселені шешіп қойдық. Қазірде Сергей Анатольевич Украинада. Отбасымен бірге еңбек демалысын өткізуде. Жуық арада Қазақстанға келіп, команданы төртінші маусымға дайындайтын болады», - деді Болат Тоқтарұлы.

Сондай-ақ, әңгіме барысында Болат мырза команда қатарында орын алуы мүмкін деген өзгерістер туралы да айтып берді: «Біздің команда 80 пайызға жасақталған. Дегенмен, төртінші маусымның алдында бірнеше боксшы алатын боламыз. Бірақ, кімді алатынымызды Сергей Корчинский шешетін болады. Қазан айында бокстан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтетіні баршамызға белгілі. Сол біріншілік барысында да Қазақстан боксшыларын қарымын көреміз. Егер мықты былғары қолғап шеберлері болып жатса, мен міндетті түрде бапкерге ол боксшыны қатарға қосуын сұраймын», - дейді команданың директоры Болат Манкенов.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама