Серена Уильямс «Ролан Гаррос» турнирін үшінші рет жеңіп алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ eurosport.ru

Әйелдер арасындағы «Ролан Гарростың» финалдық кездесуі 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Бірінші сетте 6:3 есебімен Серена Уильямс жеңіске жетсе, екінші сет тай-брейкке дейін жалғасты. Шешуші сәтте есе жібермеуге тырысқан Луция Шафаржова 6:7 (2:7) есебімен жеңіске жете білді. Ал үшінші сет 6:2 есебімен Серенаның пайдасына шешілді. Нәтижесінде америкалық теннисші спорттық мансабында үшінші рет «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды. Ол 2002 және 2013 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Айта кетейік, ертең әйелдер арасында жұптық кезеңде қазақстандық Ярослава Шведова австралиялық Кейси Делаквамен бірге финалда АҚШ теннисшісі Бетани Маттек-Сандс және чех Луция Шафаржова жұбымен кездеседі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама