Сауль Альварес қашан шаршы алаңға шығатыны белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Handout

ESPN инсайдері Майк Коппинджер ақпараты бойынша мексикалық боксшы 14 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы америкалық (тегі пуэрторикалық) Эдгар Берланга (22-0, 17 КО) болады. Олар бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасады.

Қос тарап жекпе-жек келісімдерін аяқтап келеді. 

"Канело" соңғы рет мамыр айында отандасы Хайме Мунгиямен (43-1, 34 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді. Берланга болса ақпан айында ирландиялық Пэдрейг Маккориден айласын асырған. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама