Санжар Тәшкенбай Азия чемпионы атана алмады
Төрешілер бірінші раундта басымдықты өзбек боксшысына берді. Екінші раундты Санжар өз пайдасына жазып шықты. Ал үшінші раундта төрешілер Санжарға қарсы шабуыл кезінде нокдаун ашты. Нәтижесінде төрешілер шешімімен өзбек боксшысы жеңіске жетті.
Бұған дейін өзара өткізген екі жекпе-жекте де қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.
Қазір Қазақстан ерлер құрамасының қоржынында бір күміс және бір қола бар.