Самбошы Темірлан Көлбай әлем чемпионы атанды

Мира Лұқпан Корреспондент
Фото ©️ Спортты дамыту дирекциясы

Спорттық самбодан аса ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай (+98 келі) финалда моңғолиялық спортшы Пуревдорж Дамдинчуреннен басым түсті. Отандасымыз жарыс барысында Кеничи Накаяма (Жапония), Бред Флорес (Гондурас), Нұрбек Тураевты (Өзбекстан) жартылай финалда Степан Солдатенковты (FIAS) ұтқан.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары төрт қола жүлдеге ие болды.

Спорттық самбо: Армат Қабдолов (58 келі), Арайлым Әбенова (+80 келі)

Жауынгерлік самбо: Құралай Кабрайқызы (54 келі), Маратбек Рахметоллин (64 келі);

Биылғы самбо бәсекесіне 80 мемлекеттен 470 спортшы жиналды. Ал еліміздің намысын 28 отандасымыз қорғайды. Жалпы 10 қарашаға дейін жалғасатын додада спорттық және жауынгерлік самбодан бөлек, зағип жандар (SVI-1) 31 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Биылғы әлем чемпионатының ерекшелігі - әйелдер арасында жауынгерлік самбо мен зағиптардың сайысы бірінші мәрте енгізілуі.

ӘЧ-ның жалпы жүлде қоры 311 мың АҚШ доллары (1-орын – 4 000 доллар, 2-орын – 3 000 доллар, 3-орын – 2 000 доллар және зағиптар арасындағы чемпион - 1 000 доллар).

Осыған дейін Астанада 2005 жылы қарашада спорттық самбодан әлем чемпионаты өтіп, Ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама