Самат Смақов Түркияға кетіп қалды
- Мен «Ақтөбе» командасында өнер көрсеткен алты жылымды ешқашан ұмытпаймын, - дейді еліміздің төрт дүркін чемпионы Самат Смақов. Қала әкімі Архимед Мұхамедовқа да ризалығымды білдіргім келеді. Олар менің жағдайымды дұрыс түсініп, команда ауыстыруыма рұқсат берді. Өйткені, менің «Ақтөбе» командасымен шартнамам тағы бір жылға дейін бар еді.
Саматтың сөзіне қарағанда, ол Түркия жерінде қазіргі жалақысының жартысынан қағылады екен (Оның «Ақтөбедегі» жалақсы жылына 600 мың долларды құраған).
- Мен Қазақстанда қол жеткізетін барлық жетістіктерге жеттім. Енді тек өзіме шет елде қандай деңгейде өнер көрсете алатынымды дәлелдесем болғаны. Сондықтан да мен «Ризеспорды» таңдадым. Жалақы жағынан еш қиындық көрмейтін шығармын,- дейді Самат Смақов.
Айта кетейік, ертеректе Самат Смақов өзінің ұлын «Челси» немесе «Барселона» командасының академиясына беретінін де айтқан болатын. Айтпақшы, енді Самат «Ризеспорт» командасында өзінің ескі досы Давид Лориямен бірге ойнайтын болады.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: express-k.kz