Самат Смақов «Ақтөбеге» қайта оралды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ fanatik.kz

- Біздің капитан Самат Смақовтың Ақтөбеден кеткенін Жаратушының өзі де қаламаған секілді. Келіссөздер жүргізіліп, футболшы «Ақтөбе» клубында ойнайтын болды. Қайта келіссөздердің жүргізілуіне қолайсыз ауа-райы да себеп болды. Клуб пен Самат арасындағы барлық сұрақтар өз шешімін тапты. Капитан клубпен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына аттанады.

Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт бірінші оқу-жаттығу жиыны кезінде түзіледі. Ақтөбеліктерді Саматтың қайта оралуымен құттықтаймын! Ол клубты алға сүйрейтініне сенімдімін! Қайта оралуыңмен, Самат! – деп жазды Дмитрий Васильев.

Айта кетейік, осыған дейін клуб пен футболшы арасында келісімшарт жүзеге аспағаны туралы ақпарат жарияланған болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама