Ливерпуль футбол клубының шабуылшысы Мухаммед Саллах мысырлық Vodafone компаниясымен келім-шартқа отырды. Бір ерекшелігі енді мысырдағы осы байланыс операторын пайдаланушылар Салах гол соққан сайын тегін 11 минут алып отыратын болады. 11 саны кездейсоқ таңдалмаған, 11 саны Саллах жейдесінің нөмірі. Биылғы футбол маусымында өзінің өткір шабуылдары, нәтижелі пастарымен көзге түсіп жүрген Саллах осы уақытқа дейін Ливерпуль сапында 30 ойын өткізіп, 28 гол, 10 нәтижелі паспен көзге түскен.