Сәкен Олимпиададағы Дусматовпен айқастан кейін мәлімдеме жасады

Manas Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

51 келіде өнер көрсететін Бибосынов өзбекстандық Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовпен суперайқаста жеңілді де, жарысты аяқтады. 

"Арман…. Мақсат… Жеңіс…

Токио Олимпиадасында қола медаль алғанымда, Париж Олимпиадасында қайтсемде алтын алып, мақсатыма жетемін деп ойладым, сол үшін осында келдім. Осы Олимпиаданы асыға күттім. Еліме алтын сыйлағым келді. Көк туымызды көкте қалықтағанын, әнұранымыздың шырқалғанын қаладым. Бәрі сіз бен мен ойлағандай болмады. Шаршы алаңға шыққан спортшының бағы мен бабы келісіп қатар шабуы керек екен. Бабымда болдым деп ойлаймын. Кішкене сәттілік жетіспей, бағым жанбай қалған сияқты. Дегенмен Аллаға сансыз шүкір тағдырыма Қазақтың намысын қорғау бақыты жазылған екен.

Мені жеңістеде, жеңілістеде қолдаған барлықтарыңызға алғыс айтамын. Жылы лебіздеріңіз үшін рақмет!", - дейді боксшы. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама