Сәкен Бибосынов әлем чемпионаты алтынына таласады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ kfb.kz

51 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте отандасымыз 4:1  есебімен басым шықты. Сәкен өз мәнерінде жұдырықтасты. Шабуылда ширақ, жұдырық сілтеуде жылдам, қорғануда мығым болды. 

Финалда қазақ боксшысы америкалық Роско Хиллмен жұдырықтасады.

Сәкен финалға шыққан үшінші боксшымыз. Осыған дейін Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан өткен. Абылайхан Жүсіпов қола жүлдегер атанған-ды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама