Садриддин Ахмедов чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ 12rounds.ca

Екі боксшы жартылай орта салмақта жастар арасындағы WBC чемпиондық атағын сарапқа салады.

Садриддин кәсіпқой бокстағы жолын 2018 жылдың сәуір айында бастады. Одан бергі аралықта 6 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бес бірдей қарсыласы мексикалық боксшы болды. Бұл жолы да мексикалықпен қолғап түйістірмек.

Эбрахам Хуарез осыған дейін 12 жекпе-жек өткізген. Тек біреуінде ғана ұтылған.

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек 10 раундқа жоспарланып отыр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама